Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдайымыз келеді, Ол үнсіз қалмайды,Оның алдынан от жалындап жалмайды,Алапат дауыл айналасында соғады. Құдайдың күймелері сан мыңдаған,Араларында Иеміз шайқасқа аттанған,Киелі үйіне көшіп келді Синайдан. Жартастан Жаратқан бұлақтар ағызған,Өзендей төмен қарай сарқыратқан. Жаратқанның алдында от жүреді,Айналдыра ол жауларын құртып өртейді. Олар үрейленіп, өздері паналаған қорғанды тастап кетеді. Ассурдың әміршілері сендердің туларыңды көргенде зәрелері ұшады», — деп нық айтады Жаратқан Ие. Оның (жауларын жалмайтын) оты Сионда, әрі жалындаған ошағы Иерусалимде жанып тұратын болады. ал қиналып жүрген сендерге бізбен бірге тыныштық бермек.Бұл, Иеміз Иса Мәсіх құдіретті періштелерімен бірге жалындаған отпен көктен түсіп келгенде болады. Сонда Ол Құдайға менсінбей, Иеміз Исаның Ізгі хабарына құлақ аспай жүргендерді жазаламақ. Мұнан соң қарағанымда, көктің ашылғанын және сонда тұрған ақ боз атты көрдім; оның үстінде Отырған «Адал да Ақиқат» деп аталады. Ол әділдікпен үкім кесіп, соғысқа шығады. Атқа мінгеннің көздері оттай жалындап, басына киген әлденеше патшалық тәждері болды. Оның киімінде Өзінен басқа ешкім де мағынасын біле алмайтын бір Есім жазылған еді, ал жамылғысы қанға батқан екен. Оның бір атағы: «Құдай Сөзі». Ақ боз атқа мініп, кіршіксіз таза ақ бәтес жамылғы киген көктің әскерлері Оның соңынан еріп жүрді. Аттылының аузынан шығып тұрған, халықтарды шауып тастайтын өткір семсері бар екен. Ол халықтарға қатаңдықпен билік жүргізетін болады. Жүзімді қысып таптағанда шырынының ағып шығатыны сияқты, Ол құдіреті шексіз Құдайдың қаһарлы ашуын Оған мойынсұнбағандардың үстеріне төккізеді.
Выбор основного перевода