Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Басқа ұлттар Исраил халқын өз еліне қайтып әкеледі, әрі оларға Жаратқан Иенің таңдаған жерінде ұдайы қызмет ететін болады. Сонда халық бұрын өзін тұтқын етіп, езіп-жаншығандарды тұтқындап, үстерінен билік құрмақ. Ал Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Мен қолымды созып, туымды жоғары көтергендей барлық халықтарға белгі беремін. Олар ұлдарыңды кеуделеріне басып, қыздарыңды да иықтарына отырғызып, көтеріп алып келетін болады. Кәне, жүріңдер, шығыңдар Бабылдан! Күнә атаулыға жоламай, сол жерден шығыңдар! Жаратқан Иенің (киелі үйінің) бұйымдарын көтеріп алып жүретіндер, өздеріңді Оған бағыштап, тазару рәсімінен өтіңдер! Ұлттар сенің сәулеңе ағылып, патшалары да шұғылаңа жақындап келеді. Уа, Сион қаласы, еңсеңді көтеріп, айналаңа қара! Халқың жиналып, саған қайтуға дайындалып жатыр! Ұлдарың алыс жолдан келіп, қыздарың баппен көтеріліп әкелінеді. Оларды көргенде жүзің нұрланып, жүрегің дүрсілдеп, шат-шадыман боласың. Сен теңіздің мол байлығын иемденіп, халықтар өз қазыналарын саған ұсынады. Жеріңді түйелер қаптайды. Мадиян мен Ефа халықтарынан желмая түйелер айдалып, сәбалық керуендер де саған жиі тоқтайтын болады. Олар алтын мен хош иісті заттар тасып әкеліп, Жаратқан Иенің ұлылығын жырлап паш етеді». (Жасаған Ие былай дейді:) «Қидар тайпасы саған отар-отар қой-ешкілерін айдап әкеліп, Набайоттың адамдары да саған қошқарларын ұсынады. Сол малдар шалынып, құрбандық үстелімде өртелгенде Маған ұнамды болады. Мен сәулетті ғибадатханамды қайтадан нұрлы салтанатыма кенелтемін. Алайда Менен, Жаратқан Иеден, бас тартқан өзгелеріңе былай деймін: Сендер Өзіме бағышталған Сион тауын естеріңнен шығарып, Бақыт пен Тағдырды пір тұтасыңдар. Соларға арнап дастарқан жайып, дәмді шарапты толтыра құйып бересіңдер. Қасқыр мен қозы бірге бейбіт жайылып, арыстан сиырдай сабан жеп, жыланға топырақ жем болады. Бұдан былай ешкім де Өзіме арналған бүкіл Сион тауында жамандық жасап, зияндық келтірмейді. — Жаратқан Ие осыны нық айтады. басқа халықтар арасында Иса Мәсіхке діни қызметкер іспетті қызмет етіп, сендерге Құдайдың Ізгі хабарын жеткізу. Осылайша басқа ұлт адамдарының өмірлерін Киелі Рух арқылы Құдайға бағышталған, «тірі құрбандық» секілді Оған ұнамды қылуды көздеймін.
Выбор основного перевода