Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дәйім оның ұрпағын нығайтамын,Тағын да көк іспетті шексіз орнатамын. онда Мен оларға ғибадатханамнан және оның алаңдарынан орын беріп, мәңгі өшпейтін ат пен абырой сыйлаймын. Бұл, ұл-қыздар арқылы қол жеткізуге болатын абыройдан да артық. — Біліп алыңдар: Мен жаңа аспан мен жаңа жерді жаратпақпын. Бұрынғылар енді еске алынбай, ойға да келмейтін болады. Енді қайтып олардың үйлерін бөтен кісілер иемденіп тұрмайды, жүзімдіктерінің жемісін де жаулары жемейді. Халқым мықты ағаш сияқты ұзақ өмір сүретін болады. Менің таңдап алғандарым жұмыстарының өнімдерін ұзақ уақыт пайдаланып, бейнеттерінің зейнетін көреді. Олар бекерге еңбек етпейді де, апатқа ұшырайтын балалар тумайды да. Себебі өздері мен ұрпақтары Өзім, Жаратқан Ие, жарылқаған үрім-бұтақ болады. Ал біз Құдайдың уәдесіне сай әділдік орнаған жаңа аспан мен жаңа жердің пайда болуын күтудеміз. Содан соң жаңа көк пен жаңа жерді көрдім. Себебі бұрынғы көк пен жер құрып кетіп, бұдан былай теңіз де болмады.
Выбор основного перевода