Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал енді, Саған осындай мол сый-тарту беретіндей біз кім едік сонша?! Әлемдегінің барлығы да Сенен келген. Өз қолыңның бізге сыйлағандарын ғана Өзіңе тарту етіп отырмыз. Жүрегі жаралыға Жаратқан жақын тұрады,Жаны күйреп, күнәсіне өкінгенді құтқарады. Аспанға көз жіберіп қараңдаршы:Кім жаратты ондағы жұлдыздарды?!Бір-бірлеп алып шығып шоқжұлдыздарды,Ол әрқайсысын өз атымен шақырады.Жаратқанның құдіреті сонша зор болып,Біреуі шет қалмай, бәрі Оған бағынады. Себебі Киелі Құдай деп аталған, мәңгі тірі дәріптелген Алла Тағала мынаны да айтады: «Мен көктегі киелі мекенімде тұрамын. Сондай-ақ күйреп, күнәсіне шын көңілден өкінген кішіпейіл жанның қасында да боламын. Оны қайтадан рухтандырып, жаралы жүрегін сауықтырамын. Жаратқан Иенің сөзін терең қастерлеп, орындайтындар, Оның мына айтқандарына ден қойыңдар:— Сендерді Маған бола жек көріп, шеттетіп келген бауырластарың: «Жаратқан Ие Өзінің салтанатты ұлылығын паш етіп алсын! Мүмкін, сонда қуанғандарыңды көретін шығармыз» деп мысқылдап жүр. Бірақ олар өздері масқара болады! — Құдай алдында құр алақан тұрғандар бақытты:Құдайдың Патшалығы сондайларға арналған! Күнәларына өкініп қайғырғандар бақытты:Құдай оларды жұбататын болады!
Выбор основного перевода