Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда Құдай шынымен-ақ жер бетінде тұратын бола ма?! Тіпті ұлан-ғайыр көктің өзі Сені сыйғыза алмағанда, мен салған мына үй қайдан сыйғызсын?! Алайда Құдай шынымен-ақ жер бетінде пенделер арасында тұратын бола ма?! Тіпті ұлан-ғайыр көктің өзі Сені сыйғыза алмағанда, мен салған мына үй қайдан сыйғызсын?! «Міне, Жаратқан Иенің киелі үйі, иә, бізде Жаратқан Иенің киелі үйі бар ғой! Жаратқан Иенің киелі үйі осы жерде тұрғанда басымызға ешбір пәле түспейді!» деген өтірік сөздерге сеніп, алданып қалып жүрмеңдер! Ал Мен сендерге былай деймін: үстірт ант етуші болмаңдар! Не көкті атап ант бермеңдер, ол Құдайдың «тағы», не жермен де ант бермеңдер, ол Оның «табан тіреніші», не Иерусалиммен де ант етпеңдер, ол «Ұлы Патшаның қаласы»! «Көк — Менің «тағым», ал жер — «табан тіренішім» секілді. Сонда сендер Маған қандай үй салып бермексіңдер? — дейді Жаратқан Ие. — Яки тынығып демалатын орным қай жер болмақ?! Осы әлем түгел Менің қолымнан шықты емес пе?» Ол — әлемді және ондағының бәрін жаратқан Құдай, көк пен жердің Иесі! Сондықтан Ол адамның қолынан шыққан киелі үйлерде тұрмайды.
Выбор основного перевода