Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құлақ сап, құтқара гөр «арыстанныңАраны» мен «мүйізінен бұқаның». Жау халықтарды сөгіп жуасытшы:Перғауын — қамыстағы хайуан сияқты,Ал бұзаудай күшсіз ұлттар арасындағыБұқалар табынындай — оның әміршілері,Олар күмістен салық талап етеді.Соғысқұмар ұлттарды тарқатып жіберші! Аң-таң болып, қайран қаласыңдар! Көр соқыр бола бересіңдер! Еш шарап ішпей-ақ мас болып, еш сыра ішпей-ақ теңселіп жүретін боласыңдар. Сені езіп-жаншығандар сол кезде өз тәндерін жейтін болады. Олар төгілген өз қандарына тәтті шарап ішкендей мас болады. Осылай бар адамзат Менің Жақып сиынған құдіретті Жаратқан Ие екенімді білетін болады: Мен сенің Құтқарушыңмын, сені азат ететін Қамқоршыңмын». Әй, Башан сиырларындай семіз әйелдер! Самарияның тауында тұратын сендер, мына сөзді тыңдаңдар! Сендер кедейлерге зорлық жасап, мұқтаждарды езгіге ұшыратып келесіңдер, әрі күйеулеріңе: «Әкел бері, ішейік!» — дейсіңдер.
Выбор основного перевода