Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алаяқтың қолданған әдістері арамза. Бейшара кедей өзінің әділ ісін қорғап сөйлегенде, алаяқ оны алдап құрту үшін сұм айласын құрады. Ал әділ жан әділ жоспар құрып, әділдікті қорғап нық тұрады. Оның құдіреті тіпті аспанға дейін жетіп, «көктің әскеріне» бас салды. Солардың кейбіреулерін жерге лақтырып, аяғымен таптады. Жаратқан Иенің ұлы да қорқынышты (соты) күні келердің алдында күн — қара түнек, ай — қан қызыл болады. Бұл қиын-қыстау кезеңнен кейін дереу «күнді қараңғылық басып, ай да жарқырамайтын болады. Жұлдыздар аспаннан құлап, аспан күштері шайқалады!» Бірақ сол күндері, сол бір қиын-қыстау кезеңнен кейін күнді қараңғылық басады, ай да жарқырамайтын болады. Ұрының табан астынан түсетіні сияқты, Иеміздің қайта оралатын күні де білдіртпей кенеттен келмек. Сол күні аспан қатты шумен жоқ болып, дүниенің құрамдас бөліктері өртеніп құрып кетеді. Жердің өзі де, ондағы бүкіл жаратылыс пен адам қолымен істелгеннің бәрі де өртеніп жоқ болады. Жұлдыздар қатты жел шайқағанда ағаш басынан құлап түсетін, әлі де піспеген інжір жемістеріне ұқсап жерге құлап түсті. Аспан шиыршық кітап іспетті оралып ғайып болды, әрбір тау мен арал да өз орындарынан қозғала жөнелді.
Выбор основного перевода