Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Едом еліндегі Босорадан келе жатқан, қан қызыл шапан жамылған мына Кісі кім екен? Сән-салтанатпен киініп, зор күшпен алға басқан Бұл кім Өзі? — Ол:— Мен әділдікті айтамын, құтқаруға құдіреттімін, — дейді. (Едомның астанасы) Босора қирап, елсіз бос қалып, үйіндіге айналады. Ол басқаларға қорқынышты көрініс болып, олардың келекесі мен қарғысына қалады! Оған қарасты елді мекендер де біржола қирайды, — деп өз атыммен ант етемін». — Жаратқан Ие осыны нық айтады. (Уа, Яһуда халқы,) Жаратушы Тәңір Иенің алдында үнсіз болыңдар! Себебі Жаратқан Иенің соты күні таяп қалды! Жаратқан Ие Яһуда халқын құрбандық болуға дайындады. Өзі асқа шақырған Яһуданың жауларын сол рәсімге арнап тазартқандай даярлады.
Выбор основного перевода