Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен Самарияны және Ахабтың әулетін шынайы бағалап, әділдікпен соттағаным іспетті енді Иерусалимді де солай шынайы бағалап, әділдікпен соттаймын. Жұрттың табақты сүртіп, төңкеріп қоятынындай, Мен де Иерусалимдегі халықты түгелдей сыпырып тастаймын. Мен қаланы жабайы аңдар мекендейтін мибатпаққа айналдырып, ондағы барлық нәрсені де сыпырып тастаймын». — Әлемнің Иесі осыларды нық айтады. Жаратқан Ие Сион шаһарыныңҚамалын да бұзуды жоспарлаған.Ол өлшеуіш жіп тартып, түгел құртамынДеп, қайтқан жоқ ойына алғанынан.Бар бекіністер мен қабырғаларданҚаладағы түк қалмады сондықтан. Қаланың ортасында отар-табындар мен әр түрлі аңдар жайылып, дамылдайтын болады. Бірқазан мен батпақ жапалағы қираған сарайлардың бағаналарының бастарын паналап, дауыстары терезелерден жаңғырады. Есіктерді үйінділер бөгеп, самырсын тақталары сыртқа шығып жатады. Періште қатты дауыспен былай деп жариялады: «Ол құлады! Ұлы Бабыл құлады! Ол жындардың ордасы, әр алуан арам рухтардың ұясы болды. Бұдан былай арам, жексұрын құстардың барлық түрі оған қоныстанбақ.
Выбор основного перевода