Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар көкжиектің ар жағындағы алыс елдерден келді. Бұл жасақшылар — Жаратқан Иенің қаһарын іске асырып, бүкіл елді құртатын құралдары. Уа, халқым, үйлеріңе барып, есіктеріңді бекітіп алыңдар. Жаратқан Иенің ашу-ызасы басылғанша біраз уақыт жасырына тұрыңдар. Біліп алыңдар, Жаратқан Ие Өзінің көктегі тұрағынан шығып, жер бетін мекендеген адамдарға олардың әділетсіз істеріне бола назарын аударады. Жер бетіндегі қантөгіс атаулы әшкереленіп, жер ондағы өлтірілгендерді бұдан былай жасырмайтын болады. Жаудың мұнаралы бекіністері қолға түсіп, жасақшылары қырылған кезде әр тау мен төбе басынан су бұлақтары аға жөнеледі. Сол кезде Жаратқан Иенің қолынан мерт болғандар жердің бір шетінен екінші шетіне дейін барлық жерде жатады. Оларды ешкім жоқтап қайғырмайды да, өліктерін жинап, қабірге қоймайды да. Олар далада қи-қоқыс сияқты шашылып жататын болады.
Выбор основного перевода