Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда халық сендерге: «Аруағы мен жынын шақырып, сыбырлап, міңгірлейтін бақсылар мен сәуегейлерден кеңес сұрауды сұраңдар!» деп ұсынады. Онда оларға былай деңдер: «Халық жалғыз Құдайына ғана сиынып, Оның еркін сұрауға тиісті емес пе? Тірілерге болашақты білу үшін өлгендермен ақылдасудың қажеті бар ма?! Елдің астанасы Соғанның басшылары зердесіздер! Мысырдың ең кемеңгерлері ақымақ кеңес береді. Қалай ғана олардың дәттері барып патшаға: «Мен ежелгі кемеңгерлер мен патшалардың ұрпағымын» деп мақтана алады? Уа, Мысыр патшасы, сенің сол бір ақылды кеңесшілерің қайда? Олар Әлемнің Иесінің Мысырға не жоспарлап отырғанын біліп алып, саған айтып берсін! Соғанның басшылары ақымақ болып, Мемфистің басшылары да алданып қалды! Мысырдың руларының басты адамдары халықты адастырып, басын айналдырды. Жаратқан Ие араларына оларды шатастыратын рух төкті. Соның нәтижесінде Мысыр барлық нәрсені қате жасап, өз құсығына тайып теңселген мас адамдай болады.
Выбор основного перевода