Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдайларың Жаратқан Иені терең қастерлеп, Оған қызмет етіп, Одан ажырамастай берік ұстанып, Оның атымен ғана ант беріңдер. Аузымнан тек шындық шығады, Мен сөзімнен қайтпаймын. Өз атыммен былай деп ант етемін: Менің алдымда әрбір адам тізе бүгіп, тіл біткен әр пенде Маған ант беріп бағынып: Ей, Жақыптың үрім-бұтағы, ей, Яһуда руынан тарағандар, сөзіме құлақ салыңдар! Сендер түп аталарың Исраилдің атымен аталып, Жаратқан Иенің атын атап ант етесіңдер. Исраилдің сиынған Құдайына құлшылық етеміз дей беріп, бұларыңды шын жүректен адал істемейсіңдер! Енді ел ішінде бата сұраған әркім Маған, «Сөзіне адал шынайы Құдайға», сиынып бата сұрайды. Ант еткендер де «Сөзіне адал шынайы Құдайдың атымен» деп ант бермек. Сонда бұрынғы қиыншылықтар ұмытылып, бұдан былай көзіме түспейтін болады. Олар бұрын халқымды Бағалдың атымен ант беріп, оған мойынсұнуға үйреткен еді. Егер олар бұдан былай «Мәңгі тірі Жаратқан Иенің атымен» деп ант беретін болып, халқымның ізгі өмір салтын үйренетін болса, онда олар Менің халқымның бір бөлігіне айналып, олардың арасында тамыр жаятын болады.
Выбор основного перевода