Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы үш жүз адам кернейлерін тартқанда, Жаратқан Ие жау тұрағындағы адамдардың бәрін бір-біріне қарсы шығарып, семсерлерімен өзара шайқастырып қойды. Қалған жасақшылар (Иордан өзеніне қарай) Сәрераның жанындағы Бет-Шиттаға, Табаттың маңындағы Әбел-Мехоланың шекарасына дейін қашып кетті. Бунямин жеріндегі Гибеяда Саулдың бақылаушылары філістір жасағының жан-жаққа тым-тырақай қашып жатқанын байқады. сарбаздарын жинап алып, жауға қарсы ұрысқа шықты. Қараса, асып-сасқан філістірлер аласапыран болып бір-бірімен шайқасып жатыр екен! Себебі аммондық және моабтық жасақшылар Сейір тауын мекендейтін жасақшыларға жолда бас салып, оларды қырып тастады. Соларды құртып болған соң, олар өзара да шайқасып, бір-бірін құртып жоя бастады. Мен бүкіл таулы елімде Гогқа қарсы семсерді жіберемін, әркімнің семсері өзінің серігіне қарсы жұмсалатын болады, — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. — Сонда тіпті бауыры өз бауырын, әкесі өз баласын ажалға ұстап беріп, балалары да әке-шешелеріне қарсы көтеріліп, оларды өлімге душар етеді. Сонымен олардан қорықпаңдар! Ашылмайтын сыр, білінбейтін құпия болмайды.
Выбор основного перевода