Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол түні Мен Мысыр елін аралап, ондағы адамның да, малдың да тұңғыштарын құртып, Мысырдың барлық тәңірсымақтарын әшкерелеп соттаймын. Себебі Мен Жаратқан Иемін! Мықты періштелерге мініп алды,Желдің қанаттарында зулап ұшты, Су үстінен «сарайыңды» бекітесің,Бұлттарды Өзің «мінер күймең» етесің,«Желдің қанаттары үстінде» жүресің. Мен талай патшалықтарды өзіме қаратып, уысымда ұстаймын. Бұлардың түкке тұрғысыз тәңірлері мен мүсіндері Иерусалим мен Самариядағылардан күштірек. Амос ұлы Ишая Бабыл қаласы туралы көрініс көріп, мына ауыр хабарды алды: Мен сол Бабыл патшасы арқылы Мысырдың тәңірсымақтарының ғибадатханаларына от қоямын. Патша солардың мүсіндерін не өртеп жібереді, не тұтқындап әкетеді. Қойшының шапанын жамылып алатынындай, ол Мысыр елін қыспаққа алады. Ақырында сол жақтан аман-есен шығады. Жаратқан Ие Бабыл патшасы Набуходоносордың болашақта Мысыр елін шабуылдайтыны туралы Еремия пайғамбарға сөзін арнап былай деді: — Бүкіл Мысыр елі бойынша жар салып, Миғдолда айтыңдар, Мемфис пен Тахпанхесте де мынаны жариялаңдар: Айналаларыңдағы бар халықтарды семсер жалмап жатыр. Сондықтан шепке тұрып, дайындалыңдар! Мықты жасақшыларың неліктен жеңіліп, құлайды? Өйткені Мен, Жаратқан Ие, итеріп жібергендіктен олар тұра алмайды. Мен оларды сүріндіремін. Олар (асыға қашып) бір-бірімен соқтығысып құлап, өзара: «Тұр, зорлықшыл жаудың семсерінен қашып құтылайық! Әрқайсымыз өз халқымызға, өз туған елімізге қайтайық!» — дейтін болады. Елдеріне қайтқан соң олар былай деп айқайлайды: «Мысыр патшасы перғауын у-шу шығарған мақтаншақ. Алайда ол өзіне қолайлы сәтті пайдалана білмеді». Есімі «Әлемнің Иесі» деген мәңгі тірі Патша өз атымен ант етеді:— Бір жеңімпаз қолбасшы мұнда келе жатыр. Таулардың арасында Табор тауы әрі теңіз жағасындағы Қармил тауы алып та айбынды екеніндей, ол да бәрінен мықты да айбынды болады. Әй, Мысырдың бейшара тұрғындары, буынып-түйініп, жер аударылуға дайындалыңдар! Өйткені Мемфис қаласы өртеніп қиратылып, қаңырап бос қалады! Мысыр әдемі тана сияқты. Ал солтүстіктен құжынаған бөгелектер іспетті жау қаптап келе жатыр. Тіпті Мысырдың жалдамалы жауынгерлері бордақыланған тайыншадай шайқасқа жарамайтын болады. Олар да бұрылып, бәрі бірдей қаша жөнеледі. Жазаларын тартып құритын күндері келгенде олар берік тұра алмайды. Жау таяп келе жатқандықтан Мысыр жылан сияқты ысылдап қаша жөнеледі. Жаулары оған қарсы ағаш шабатын адамдардай балта ұстап келетін болады. Мысырдың халқы ну ормандай көп болса да, жау оларды шауып тастайды, — деп нық айтады Жаратқан Ие. — Өйткені жаудың жасақшылары тіпті шегірткелерден де көп, олардың санын есептеп шығуға болмайды. Сонда Мысыр елі масқара болып, солтүстіктен келген халықтың қолына түседі. Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, тағы мынаны айтады:Біліп қойыңдар, Мен Но қаласының тәңірсымағы Амонды және Мысырдың барлық басқа тәңірсымақтарын, оның билеушілерін, перғауынды және оған сенімдерін артатындарды жазалайтын боламын! Оларды жандарын алмақ болған Бабыл патшасы Набуходоносор мен оның нөкерлерінің қолдарына тапсырамын. Алайда кейінірек Мысыр қайтадан ежелгі замандағыдай халқы көп ел болады. — Жаратқан Ие осыны нық айтады.
Выбор основного перевода