Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ертеңіне Жақып ерте тұрып, басына жастанған тасты ескерткіш ретінде тұрғызды. Ол соның үстіне май құйып, оны Құдайға бағыштады. Сонда Мұса Жаратқан Иенің барлық сөздерін жазып қойды.Ертеңгісін ол ерте тұрып, таудың етегінде құрбандық орнын тұрғызып, Исраилдің он екі руының белгісі ретінде он екі тас бағананы орнатты. Аталған рулардың адамдары Қанахан елінде Иорданға жақын орналасқан Гелилот деген жерге келгенде, Иорданның жағасында Құдайға құрбандық ұсынатын өте үлкен үстел салды. Сондықтан біз құрбандық үстелін салып алайық дедік, бірақ ол ешқандай құрбандық шалып, өртеуге арналмаған. Қайта, ол біз бен сіздердің және болашақ ұрпақтарымыздың арасындағы айғақ болмақ. Ол біздің Жаратқан Иенің (кездесу шатырының) алдына барып, Оған арнап құрбандықтар шалып, өртеуге және Онымен қарым-қатынасымызға ризашылық білдіретін тартуларымыз бен өзге де сый-тартуларымызды ұсынып Оған ғибадат етуге құқығымыздың бар екендігін дәлелдемек. Осылайша болашақ ұрпақтарыңыз біздің ұрпақтарымызға: «Жаратқан Иеге еш қатыстарың жоқ!» деп айта алмайтын болады. Нағыман сонда пайғамбарға мына өтінішті жасады:— Онда маған ең болмағанда екі қашырыма көтергендерінше осы жердің топырағын артып алуыма рұқсат етіңізші. Өйткені бұдан былай мен бөтен тәңірлерге емес, тек Жаратқан Иеге ғана шалынып, өртелетін құрбандықтар мен сый-тартуларды ұсынатын боламын. Сол кезде ұзын бойлы, сақал-мұртсыз, әр жерде қорқыныш туғызатын мықты да зорлықшыл халықтан Әлемнің Иесіне арналған сый-тарту келеді. Олар соны өзендермен бөлінген өз елдерінен Әлемнің Иесінің есімі құрметтелетін орынға, Сион тауына, әкеледі. онда Мен, Жаратқан Ие, олардың Өзіме бағышталған қасиетті Сион тауына келулеріне жол беремін. Маған сиынуға арналған ғибадатханада оларды қуанышқа кенелтемін. Сол басқа ұлттық сенушілердің Өзімнің құрбандық үстелімде шалып, өртеген құрбандықтарына және өзге де сый-тартуларына риза боламын. Себебі Менің киелі үйім барлық ұлттар мінажат ететін үй деп аталатын болады».
Выбор основного перевода