Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Жаратқан Иенің халқының тірі қалғандарына Ассурдан шығатын даңғыл жол дайын тұрады. Бұл жайт олардың ата-бабаларының Мысыр елінен шыққан кезіндегідей болмақ. Сол жерде даңғыл жол болып, ол «Қасиеттілік жолы» деп аталмақ. Бұл жолмен арам ниетті адамдар емес, тек Құдайдың халқы жүреді. Менмен ақымақтар оған еш түспейді. Сол кезде: «Тегістеп, биік етіп даңғыл жол салыңдар! Халқымның жүретін жолындағы бөгеттерді алып тастаңдар!» деп бұйырады. Осылай қалған адамдар, Өзім меншігім болуға тағайындаған барлық басқа ұлттар да өз Иелері — Маған жақындауға ұмтылсын. — Бұны айтқан Жаратқан Ие оны іске асырады.
Выбор основного перевода