Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол уақыт келгенде Ассур мен Мысырға айдалып, құрып кете жаздаған исраилдіктерді кері шақыру үшін үлкен керней тартылады. Сонда олар қайтып келіп, Иерусалимдегі қасиетті Сион тауында Жаратқан Иенің алдында иіліп ғибадат ететін болады. Ай күндей нұрлы, ал күн әдеттегіден жеті есе артық сәуле шашып, жеті күнгі нұр бір күні жайнағандай болмақ. Жаратқан Ие өз халқының сынған сүйектерін таңып, Өзінің оларды жазалағанда жарақаттаған жерлерін сауықтыратын кезде осылай болады. Жаратқан Ие таңдаған халқына мынаны да айтады: «Мысырдың жасап шығарған заттары және Құштың саудадан тапқан табыстары сенікі болмақ. Себаның бойшаң адамдары да сенің жағыңа өтіп, меншігіңе айналады. Олар шынжырланған күйде артыңнан еріп, құрмет көрсете алдыңа жығылып: «Расында да Құдай тек саған жар болып жүр, Одан басқа шынайы құдай жоқ!» деп мойынсұнатын болады». Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, тағы мынаны айтады:Біліп қойыңдар, Мен Но қаласының тәңірсымағы Амонды және Мысырдың барлық басқа тәңірсымақтарын, оның билеушілерін, перғауынды және оған сенімдерін артатындарды жазалайтын боламын! Оларды жандарын алмақ болған Бабыл патшасы Набуходоносор мен оның нөкерлерінің қолдарына тапсырамын. Алайда кейінірек Мысыр қайтадан ежелгі замандағыдай халқы көп ел болады. — Жаратқан Ие осыны нық айтады.
Выбор основного перевода