Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол халық сендерді құртып болғанша малдарыңның төлдерін, егістіктеріңнің өнімін жеп қояды да, астықтарыңды, жүзім шырындарың мен зәйтүн майларыңды, бұзауларың мен тоқтыларыңды түгел сендерден тартып ала береді. Осылайша сендер ойран боласыңдар. Дұшпандарың елдегі барлық қалаларыңды қоршап алып, олардағы сендер сенім артқан зәулім қамалдарыңды қиратады. Сонда жау Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе табыстаған еліндегі барлық қалаларыңды қоршап алып, сендерді қыспақтайтын болады. Сендерге білдірем жүзімдігімеМенің не істейтінімді келешекте:Қоршаған шарбағын шауып тастаймын,Тас дуалын қиратып, талқандаймын,Мал мен аңдарға таптатып қоямын,Жүзімдікті жермен-жексен қыламын, — Тәңір Ие, мұндай жайт қашанға дейін созылады? — деп сұрағанымда, Оның жауабы мынау болды:— Сол жайт қалалар қирап, қаңырап бос қалғанша, үйлер ешбір тұрғынсыз, егіндіктер ойрандалып, иесіз қалғанға дейін созылмақ. Сонда Мен, Жаратқан Ие, халықтың бәрін алысқа қуып жіберіп, бүкіл елді талқандатып, айдалаға айналдырамын. Сол себепті Менің лап еткен қаһарым Яһуданың қалалары мен Иерусалимнің көшелеріне төгіліп, оларды қазіргі қирап, қаңырап бос жатқан күйлеріне айналдырды.
Выбор основного перевода