Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда Құдайға қарсы тұрып, күнә жасаушылардың бәрі бірдей құриды, Жаратқан Иеден безгендер қырылып жойылады! Сондықтан от тілінің сабанды жалмап, жалынның пішенді өртеп жіберетіні сияқты, олар да әп-сәтте ғайып болады. Шөптің тамырлары шіріп, гүлдері қурап, желмен ұшып кететініндей, бірден жойылады. Өйткені олар Исраилдің Киелі Құдайы — Әлемнің Иесінің тәлімін мойындамай, Оның сөздерінен бас тартты. патшалар қабіріне қойылмады. Өйткені сен өз еліңді талқандап, өз халқыңды құрттың.Зұлымдардың тұқымы ешқашан еске алынбасын! Себебі бұл — бас көтергіш халық, өтірікші балалар, Жаратқан Иенің тәлімін тыңдаудан бас тартатын перзенттер. «Ей, сиқыршылардың балалары, мұнда келіңдер! Жүгенсіз еркектер мен жезөкшелерден тараған сендер, қасыма жақындаңдар! Мұны өздерінің діңгек тәрізді тәңір мүсіндеріне табынуға Менен қашықтап кеткен исраилдіктердің жүректерін Өзіме кері қайтару үшін істеймін. Біз (исраилдіктер) күнә жасап, іс-әрекетіміз әділетсіз болып келді. Біз зұлымдық жасап, Саған қарсы бас көтердік, бұйырған өсиеттерің мен заңдарыңнан бас тарттық.
Выбор основного перевода