Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан соң Сүлеймен Жаратқан Иеге арналған құрбандық үстелінің алдында тұрып, жиналған бүкіл Исраил қауымының көз алдында қолдарын аспанға қарай жайып былай деп мінажат етті: Сонда естімеймін мұндайлар шақырғанмен,Мені таппайды шарқ ұрып іздегенмен, Жаратқан Ие Жақыптың үрім-бұтағынан өз бетін жасырып жатса да, мен Оған үмітпен қарап, сенімімді арта беремін. Қайта, өздеріңнің әділетсіз істерің Құдаймен араларыңды ажыратып келеді! Жасаған күнәларың Оның бетін сендерден бұрып әкетеді. Сондықтан да Құдай Ие мінажаттарыңа құлақ салмайды. Қолдарың зұлымдық жасап, қан төгіп арамданды. Ауыздарыңнан өтірік пен жамандық толассыз шыға береді. Олар ораза ұстаса да, жалбарынышына құлақ аспаймын! Құрбандықтар мен астық тартуларын өртеп ұсынса да, соларын қабылдамаймын! Мен оларды семсер, ашаршылық және індет арқылы қырып-жоямын. Сол үшін де Мен оларға қаһарымды төгемін. Оларға аянышпен қарап, мейірім көрсетпеймін. Олар Маған қатты дауыстап жалбарынса да, Мен құлақ аспаймын,» — деді. Кейін осы арамзалар Жаратқан Иеге жалбарына үн қататын болады, бірақ Ол жауап бермейді. Сол кезде Жаратқан Ие олардың істеген көптеген зұлымдықтарына бола солардан бет-жүзін жасырады.
Выбор основного перевода