Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқанның жасаған жақсылықтарынаЖауап беретін жолдарың осы ма?!О, халық-ау, ақымақ та, ақылсыз да,Ол сені жаратып, қалыптастырғанӘкең емес пе, әрі бекітіп қойған? Тіпті аспандағы ләйлек белгілі мерзімдерін біледі, көгершін, қарлығаш, тырна да көшіп келетін мезгілдерін ұстанады. Бірақ Менің халқым Жаратқан Иенің бұйрықтарын білмейді. «Бұлар тілдерін садақтай иіп, өтірікті жебедей боратады. Өтіріктің арқасында олар елге өктемдік жасап, зұлым іс-әрекеттерін жалғастыруда. Ал Мені тіпті танып мойындамайды да, — дейді Жаратқан Ие. — Сен өтірікші адамдардың ортасында өмір сүріп жатырсың. Өздерінің алдамшылығына бола олар Мені танып мойындаудан бас тартады», — дейді Жаратқан Ие.
Выбор основного перевода