Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құрбандық қанын бүркіп, күнәмді кеше гөр,Сонда көз алдыңда пәк таза боламын,Күллі күнәмнан мені жуып-шая гөр,Сонда қардан да аппақ тазарамын. «Ей, теңіз жағалауларындағы елдер, тынышталып, алдыма келіңдер! Халықтар күш-қуат жинап, жақындап келсін де жауап берсін! Осылай даулы мәселені шешейік. Алайда Мен өз еркіме сай қылмыстарыңды өшіріп тастаймын! Енді қайтып ешқашан да күнәларыңды есіме алмаймын! Енді даулы мәселені талқыға салайық: жасаған жақсылықтарыңды есіме түсіріңдер, ақталуларың үшін істеріңді ашық көрсетіңдер! Әділетсіз істеріңді тұмандай сейілттім,Күнәларыңды жел айдаған бұлттай жоқ еттім,Енді теріс жолыңнан қайтып, бет бұр Өзіме!Мен қамқоршың болып құтқарып, кешірдім!» — Мырзам, өзіңіз білесіз ғой, — деп жауап бердім. Ол маған былай деп түсіндірді:— Бұлар — зор қудалану кезеңінен өткендер. Олар шапандарын Тоқтының төгілген қанымен «жуып» аппақ қылды.
Выбор основного перевода