Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жесірлер мен жетімдерге жәбір көрсетпеңдер! Пара алма! Себебі пара көрегеннің көзін соқыр қылады, әрі әділдің сөзін бұрмалайды. Олар әбден шел жинап жып-жылтыр болып алды. Зұлым істерінде енді шек жоқ, жетімнің ісін әділдікпен шешпейді, жарлының мүддесін де қорғамайды. «Олардың зұлым істерінің барлығы Ғылғалда басталған, сол жерде Мен оларды жек көре бастадым. Істеген іс-әрекеттерінің сұмдық болғаны сонша, оларды өз үйімнен қуып шығамын. Мен халықты енді сүймеймін! Олардың әміршілерінің бәрі де — тура жолдан адасқан қыңырлар. Екі қолы да жамандықты істеуге шебер-ақ, әмірші сый-тарту дәметеді, төреші де жемқор, ал ұлық өз қалағанын иемденеді. Бәрі осылайша сөз байласып істі бұрмалайды. Жетім-жесірлерге әрі жат жұрттық пен жарлы-жақыбайға зорлық-зомбылық жасамаңдар! Бір-біріңе қарсы зұлымдық ұйымдастырмаңдар!»
Выбор основного перевода