Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ Сен менің қылмыскер емес екенімді, әрі өз қолыңнан ешкімнің де мені құтқара алмайтынын білесің ғой. Өйткені мен ісімді дайындадым. Өзімнің ақталатынымды білемін. Менің жазығым мен күнәларым қаншама? Саған қарсы шығып, күнә жасаған болсам, маған айтып берші, біліп алайын. Құдай жүретін жолымды жақсы біледі. Ол мені сынап тексергенде, алтын сияқты таза болып шыға келемін. Олар өз пайдалары үшін достарын сатады, бірақ соның кесірі балаларына тиетін болады. Осылай бәрін де әділдікпен істедім, адалдық сәлдем мен шапаным сияқты маған жақын болды. Әйүп өз ойынша әділ болып, сонысын айта берген соң, сол үш адам оған жауап берулерін тоқтатты.
Выбор основного перевода