Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Дәуіт Натанға былай деді:— Мен Жаратқан Иеге қарсы күнә жасадым, соны мойындаймын! — Натан пайғамбар оған:— Онда Жаратқан Ие күнәңді кешірді. Сен өлімге бұйырылмайтын болдың. Сонда сен құдіреті шексіз Тәңірмен қарым-қатынасыңа қуанып, жарқын жүзбен Құдайға қарайтын боласың. Сен Оған сиынып, Ол саған құлақ асады, әрі өзің де Оған берген уәделеріңді орындайсың. Олардан қорлық көрген жарлылар жалбарына көмек сұрап, Құдай сол қаналғандардың айқайларына құлақ асты. Мен адал жүріп, бет-жүзіңді көремін,Оянып, көрінісіңе қарап сүйсінемін. Қиындық көргеніңде шақыр Мені,Сонда құтқарып аламын сені,Ал өзің мадақтайтын боласың Мені». Мені құтқарғаныңа қуантып тағы,Сыйлай гөр азғырылмайтын берік рухты. Сол кезде Оны шақырасың және Жаратқан Ие жауап береді. Көмек сұрап жалбарынғаныңда Ол: «Саған жар боламын!» деп сені жігерлендіреді.«Араларыңнан езгі атаулыны алып тастаңдар, сырттай өсектеу мен тіл тигізуді де доғарыңдар! Баласы оған:— Әке, мен Құдай алдында да, сіздің алдыңызда да күнә жасап келдім. Енді ұлыңызбын деп аталуға лайық емеспін, — дейді. Бірақ әкесі қызметшілеріне бұйырып:— Тезірек ең жақсы шапанды әкеліп, балама жабыңдар! Қолына мөрлі жүзік, аяғына кебіс кигізіңдер! Сосын бордақыланған өгізшені әкеліп, сойыңдар, ішіп-жеп, көңіл көтерейік! Өйткені менің мына ұлым өлген еді — тірілді, жоғалған еді — табылды! — дейді. Сөйтіп олар көңілді тойды бастап жібереді. Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады.
Выбор основного перевода