Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер Ол бір нәрсені күштеп тартып алса, Оны кім тоқтата алады? Кім Оған: «Не істеп отырсың?» деп айта алар еді? Себебі зұлым адам Құдайға қарсы қолын көтереді, құдіреті шексіз Аллаға қарсы өзін күштімін деп бөседі. — Беліңді нағыз ердей буып, дайын тұр! Мен саған сұрақ қояйын, ал сен түсіндіріп берші! Өзін жаратқан Құдайды сынап, шағым айтқан пенде қасіретке қалады! Ол саздан жасалған ыдыстың сынығына ұқсайды. Әлде саз балшықтың құмырашыны: «Не істеп отырсың?» — деп сынауына бола ма? Немесе өзің жасап жатқан бұйымыңның сен туралы: «Қолынан түк келмейді», — деп наразылық білдіруіне қақысы бар ма?!
Выбор основного перевода