Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол Маған сиынғанда құлақ саламын,Азап шеккен кезінде оған жар боламын,Аман-есен сақтап, құрметке бөлеймін. Зор қайғы шеккенім игі болды маған!Сен алып қалдың мені өлім аузынан,Күнәмді лақтырдың асыра арқаңнан. Ал енді, Жақыптың үрім-бұтағы, Исраил халқы, сені жаратып қалыптастырған Тәңір Ие мынаны айтады: «Қорықпа, Мен сені құныңды төлеп құтқарып алдым. Сені өз атыңмен шақырдым: Сен Мендіксің! Судан өткен кезіңде саған жар боламын, өзендерден өткенде батып кетпейсің. Отты жарып өтсең, күйіп қалмайсың, тіпті жалыны да шарпымайды. Мен оларды о дүниенің билігінен босатып, өлімнен құтқарып аламын ба? (Жоқ, солай істемеймін.) Өлім, қайда улы тісің? О дүние, қайда сенің жеңісің? Мен еш аяушылық көрсетпеймін».
Выбор основного перевода