Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Иенің періштесі Ажарды иен даладағы бір су көзінің қасынан: Шурға баратын жолдағы құдық басынан тауып алды. Ал сол сәтте Жаратқан Иенің періштесі оған көктен дауыстап:— Ыбырайым! Ыбырайым! — деп тіл қатты. Ол:— Тыңдап тұрмын, — деп жауап берді. Олар осы айтқандарын Жүсіптің түсініп қойғанын білген жоқ, себебі ол ағаларымен тілмаш арқылы сөйлескен болатын. Ол — барлық апаттан мені құтқарып келген Хабаршы, енді мына балаларды да жарылқай көрсін! Менің атым және аталарым Ыбырайым мен Ысқақтың аттары осылар арқылы жалғаса беріп, олар жер бетінде кереметтей көбейсін! Иені қастерлейтіндерді қоршап тұрадыОның періштесі, ол соларды құтқарады. Сендер тараған түп аталарың да күнә жасаған еді, арада жүрген өкілдерің де тура жолымнан тайып кетті. Бұдан кейін періште маған Жаратқан Иенің періштесінің алдында тұрған бас діни қызметкер Ешуаны көрсетті. Ал шайтан Ешуаны айыптау үшін оның оң жағында тұрды. «Біліп алыңдар, Мен алдымнан хабаршымды жіберемін, ол жүретін жолымды дайындап қояды. Сендер іздеп жүрген Жасаған Ие кенеттен Өзінің ғибадатханасына келеді. Сендер аңсап жүрген Келісімнің Хабаршысы еш шүбәсіз келетін болады», — деп ескертеді Әлемнің Иесі. Құдай — біреу-ақ, Құдай мен адамдар арасын Келістіруші де Біреу, Ол — адам (болып дүниеге келген) Иса Мәсіх.
Выбор основного перевода