Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Маған арнап жылына үш мейрам өткізіңдер: Жыл сайын Ашымаған нан мейрамын тойлаңдар! Өзім бұйырғандай, жеті күн бойы ашытқысыз пісірілген нан жеңдер. Мұны (көктемнің) абиб айының белгіленген мезгілінде өткізіңдер, себебі Мысырдан сол айда көшіп шыққан едіңдер.Ешкім Менің алдыма құр қол келмесін! Далаға еккендеріңнің бастапқы өнімдерін жинағанда Алғашқы өнім мейрамын тойлаңдар!(Ауылшаруашылық) жылының аяғында, яғни сендер егістіктерің мен бау-бақшаларыңда өнім жинайтын мезгілдеріңде, Сабантой мейрамын өткізіңдер! Барлық ер адамдарың жылына үш рет Жаратушы Тәңір Иенің алдына келуге тиіс. Сонымен барлық ер адамдарың Құдайларың Жаратқан Иенің алдына, Өзі таңдап алған орынға жылына үш рет барулары керек: Ашымаған нан мейрамы, Жеті апта мейрамы және Күркелер мейрамы кезінде. Олар Жаратқан Иенің алдына құр қол бармай, Бұдан кейін хабаршы солтүстік жақтан ішкі аулаға апаратын қақпа ғимаратының ұзындығы мен енін өлшеді. Ғимараттың екі жағындағы үш-үштен орналасқан күзетші бөлмелерінің, олардың арасындағы шығыңқы қабырғаларының және бағаналы кіреберісінің өлшемдері дәл Шығыс қақпа ғимаратының өлшемдерімен бірдей екен. Яғни осы ғимараттың ішімен өтетін жолдың да ұзындығы елу, ені жиырма бес шынтақ болып шықты. Оның терезелері, бағаналы кіреберісі мен құрма ағашының бедерлі бейнелерінің өлшемдері де Шығыс қақпа ғимаратының ішімен өтетін жолдың өлшемдеріндей болды. Қақпа ғимаратына жеті баспалдақ көтерілді. Бағаналы кіреберісі ғимараттың ішкі жағында орналасқан еді. Солтүстік қақпа ғимаратына қарама-қарсы тұрған, ішкі аулаға апаратын тағы бір қақпа ғимараты бар еді. Ол Шығыс қақпа ғимаратына қарама-қарсы тұрған әлгі қақпа ғимараты сияқты екен. Хабаршы бір-біріне қарама-қарсы тұрған сол қақпа ғимараттарының арақашықтығын өлшеді, ол да жүз шынтаққа тең болды. Мұнан соң хабаршы мені оңтүстік жаққа жетелеп апарды. Сонда мен оңтүстікке қарап тұрған қақпа ғимаратын көрдім. Соның күзетші бөлмелеріндегі шығыңқы қабырғалардың және бағаналы кіреберісінің өлшемдері өзге қақпа ғимараттарынікіндей болып шықты. Қақпа ғимараты мен оның бағаналы кіреберісінің айналасында, өзге қақпа ғимараттарынікіндей тар терезелері бар екен. Ғимараттың ішімен өтетін жолдың ұзындығы елу шынтақ, ені жиырма бес шынтақ болып шықты. Осы қақпа ғимаратына да жеті баспалдақ көтерілді, әрі бағаналы кіреберісі оның ішкі жағында орналасқан еді. Соның екі жағындағы бағаналар да құрма ағашының бейнелерімен бедерленіпті. Ішкі ауланың да оңтүстікке қарап тұрған қақпа ғимараты бар болатын. Хабаршы осы ғимарат пен оңтүстік жақтағы сыртқы қақпа ғимаратының арасын өлшеді. Бұл арақашықтық жүз шынтақ болып шықты. Содан соң хабаршы мені Оңтүстік қақпа ғимараты арқылы ішкі аулаға алып келді де, оңтүстік қақпа ғимаратын өлшеді. Оның да өлшемдері басқалардікімен бірдей болды. Оның күзетші бөлмелері, шығыңқы қабырғалары және бағаналы кіреберісінің өлшемдері басқа қақпа ғимараттарының осындай бөліктерінің өлшемдерімен бірдей болып шықты. Қақпа ғимараты мен оның бағаналы кіреберісінің айналасында терезелер бар екен. Қақпа ғимаратының ішімен өтетін жолдың ұзындығы елу шынтақ, ені жиырма бес шынтақ болды. Ішкі ауланың айналасындағы қақпа ғимараттарының бағаналы кіреберісінің ені жиырма бес, ұзындығы бес шынтақ екен. Бағаналы кіреберісі сыртқы аулаға қарап тұрды. Оның бағаналары да құрма ағашының бейнелерімен бедерленген еді. Ғимаратқа сегіз баспалдақ көтерілді. Мұнан кейін хабаршы мені ішкі аулаға апаратын шығыс жақтағы қақпа ғимаратына алып келді де, соны өлшеді. Оның өлшемдері басқа қақпа ғимараттарының өлшемдерімен бірдей болып шықты. Оның күзетші бөлмелері, шығыңқы қабырғалары және бағаналы кіреберісінің өлшемдері өзге де қақпа ғимараттарының өлшемдеріндей болды. Қақпа ғимараты мен оның бағаналы кіреберісінің айналасында терезелер бар екен. Ғимараттың ішімен өтетін жолдың ұзындығы елу, ені жиырма бес шынтақ болды. Қақпа ғимаратының бағаналы кіреберісі сыртқы аулаға шығып тұрды. Екі жағындағы бағаналары да құрма ағашының бейнелерімен бедерленген еді. Оған сегіз баспалдақ көтерілді. Содан соң хабаршы мені Солтүстік қақпа ғимаратына алып келді де, оны өлшеді. Соның өз өлшемдері, күзетші бөлмелерінің, шығыңқы қабырғаларының және бағаналы кіреберісінің өлшемдері басқа қақпа ғимараттарынікіндей болды. Оның да айналасында терезелер бар екен. Солтүстік қақпа ғимаратының ішімен өтетін жолдың ұзындығы елу, ені жиырма бес шынтақ болып шықты. Ғимараттың бағаналы кіреберісі сыртқы аулаға қарап тұрды. Оның екі жағындағы бағаналары құрма ағашының бейнелерімен бедерленген еді. Ғимаратқа сегіз баспалдақ көтерілді. Бір ішкі қақпа ғимаратының бағаналы кіреберісінің жанында бір бөлменің есігі болды. Бұл бөлмеде түгелдей өртелетін құрбандыққа шалынған малдардың бөліктері жуылатын. Сол ғимараттың бағаналы кіреберісінің екі жағында екі үстел орналасқан еді. Солардың үстінде түгелдей өртелетін, әрі күнәнің құнын және айыбын өтейтін үш түрлі құрбандыққа мал шалынатын. Бағаналы кіреберістің сыртында, Солтүстік қақпа ғимаратына көтерілетін баспалдақтардың екі жағында, тағы екі үстелден орналасқан екен. Осылайша қақпа ғимаратының ішкі және сыртқы жақтарында құрбандық мал сойылып, дайындалуға арналған төрт үстелден, барлығы сегіз үстел орналасыпты. Сол сияқты, түгелдей өртелетін құрбандықтар үшін қашалған тастан жасалған төрт үстел де болды. Солардың әрқайсысының ұзындығы мен ені бір жарым, ал биіктігі бір шынтақ екен. Үстелдердің үстінде түгелдей өртелетін және басқа да құрбандық малдарды сойып, бөлшектеуге арналған құралдар жатты. Қабырғаларға айналдыра аша тәрізді қармақтардай ілгіштер бекітіліпті. Олардың әрқайсысының ұзындығы бір тұтамнан болды. Құрбандықтардың еті үстелдердің үстіне салынатын.
Выбор основного перевода