Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер сенің алып келген астық тартуың тандырда жабылған нан болса, ол зәйтүн майы араластырылған таңдаулы бидай ұнынан ашытқысыз дайындалған пәтір нан немесе ашытқысыз пісіріліп, зәйтүн майы жағылған жұқа нан болсын. Егер тартуың жалпақ табада пісірілген астық тартуы болса, ол зәйтүн майы араластырылған таңдаулы бидай ұнынан ашытқысыз дайындалған болсын. Егер тартуың шұңғыл табада пісірілген астық тартуы болса, ол да таңдаулы бидай ұны мен зәйтүн майынан дайындалған болсын. Содан олар Құдайдың ережесіне сәйкес Құтқарылу мейрамының құрбандықтарын отқа қуырды, ал Жаратқан Иеге бағышталған құрбандықтардың етін үлкенді-кішілі қазандарда асып, тездетіп халыққа үлестіріп отырды. Діни қызметкерлер сол киелі орынға кірген соң, сыртқы аулаға тікелей шықпасын. Қайта, олар алдымен Жаратқан Иеге қызмет еткен кезде киген арнайы киімдерін шешулері керек. Өйткені бұл киімдер де тек Жаратқан Иенің алдында қызмет етуге ғана арналған. Халық жүретін жерлерге шығар алдында олар киімдерін ауыстырып, кәдімгі киімдерін киюлері қажет». Діни қызметкерлер халық жүретін сыртқы аулаға шыққанда, олар қызмет еткенде киетін киімдерін шешіп, арнайы бөлмелерде қалдырсын да, кәдімгі киімдерін киіп шықсын! Әйтпесе олар арнайы киімдерімен халыққа жанасып, солары арқылы халыққа киелілік таратып жүрер.
Выбор основного перевода