Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бір ішкі қақпа ғимаратының бағаналы кіреберісінің жанында бір бөлменің есігі болды. Бұл бөлмеде түгелдей өртелетін құрбандыққа шалынған малдардың бөліктері жуылатын. Сол ғимараттың бағаналы кіреберісінің екі жағында екі үстел орналасқан еді. Солардың үстінде түгелдей өртелетін, әрі күнәнің құнын және айыбын өтейтін үш түрлі құрбандыққа мал шалынатын. Сонда Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді: «Мына қақпа жабық тұрсын! Оны ешкімге ашуға болмайды, ол арқылы ешкім кірмеуі де керек. Мен, Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие, онымен ішке кірдім. Сондықтан ол жабық тұруға тиіс. Тек әміршіге ғана оның ішімен өтетін жолда отырып, Жаратқан Иенің алдында құрбандық асынан жеуіне болады. Ол онда бағаналы кіреберіспен кіріп, сол жолмен ғана кері шығуға тиіс». Жаратушы Тәңір Ие мынаны да айтады: «Жетер енді, уа, Исраилдің әміршілері! Зорлық-зомбылық жасауды доғарып, әділ де дұрыс істер істеңдер! Менің халқымды тонап, (өздерінің мұралық жерлерінен) қууларыңды қойыңдар!» — Жаратушы Тәңір Ие осыны бұйырады. Діни қызметкер күнәнің құнын өтейтін құрбандықтың қанынан алып, оны киелі үйдің есіктерінің жақтауларына, құрбандық үстелінің үстіңгі сатысының төрт бұрышына және ішкі аулаға апаратын қақпа ғимараттарының жақтауларына жақсын. Сол күні әмірші өзі үшін және елдің бүкіл халқы үшін бір бұқаны күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа шалсын. Әмірші қақпа ғимаратына кіргенде, соның бағаналы кіреберісі арқылы өтіп, сол жолмен кері шығып кететін болсын. Әмірші Жаратқан Иеге арнап не шалынып, түгелдей өртелетін, не Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандықты ерікті тарту ретінде ұсынбақ болғанда, оған ішкі ауланың шығысқа қарап тұрған қақпа ғимараты ашылуы керек. Ол өзінің құрбандықтарын демалыс күні жасалатындай етіп ұсынсын. Содан соң әмірші шығып кетіп, қақпа қайтадан жабылсын.
Выбор основного перевода