Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан соң Езекия халыққа қарап: «Енді сендер Жаратқан Иеге бағышталдыңдар. Қазір Оның киелі үйіне жақындап, құрбандықтар шалып, шүкірлік білдіретін сый-тартуларыңды алып келіңдер!» — деді. Мұны естіп, бүкіл жамағат құрбандықтар мен сый-тартулар алып келді. Бұларға қоса халайық өз жүрек қалауларына сай шалынып, өртелетін құрбандықтар да ұсынды. Тек әміршіге ғана оның ішімен өтетін жолда отырып, Жаратқан Иенің алдында құрбандық асынан жеуіне болады. Ол онда бағаналы кіреберіспен кіріп, сол жолмен ғана кері шығуға тиіс». Ал әміршінің міндетіне — мейрамдардың, әр айдың алғашқы күнінің және демалыс күндері кезінде, яғни Исраил халқының барлық белгіленген мейрамдары кезінде, шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтарды және астық-сұйық тартуларын қамтамасыз ету жатады. Ол өзі Исраил халқының күнәларының кешірілуі үшін күнәнің құнын өтейтін, астық-сұйық тартуларын және Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін тартуларды ұсынады». Әмірші сырттан осы қақпа ғимаратының бағаналы кіреберісі арқылы кіріп, оның ішімен өтетін жолда орналасқан бағананың қасында тұрсын. Діни қызметкерлер әміршінің түгелдей өртелетін және Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандықтарын шалып, өртеп Өзіме ұсынсын. Әміршінің өзі қақпа табалдырығының қасында иіліп ғибадат етсін. Содан соң ол сыртқы аулаға шығып кетеді. Қақпа ғимараты кешке дейін жабылмайды.
Выбор основного перевода