Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ Набутай оған:— Бұл жүзімдік — ата-бабаларымнан қалған мұралық үлесім. Оны сізге сатудан Жаратқан Иенің Өзі сақтасын! — деп жауап қайтарды. Сонда Езабел:— Сен енді осындай әрекетіңмен Исраилге патшалық құрасың ба?! Орныңнан тұрып, тамақ же! Ол туралы уайымдамай-ақ қой! Ізрелдік Набутайдың жүзімдігін мен-ақ қолыңа тапсырамын, — деді. Сендер оның майлы сүтін ішіп, жүнінен киім киесіңдер, қоңдыларын сойып жейсіңдер, бірақ отарларыңды дұрыс бақпайсыңдар. Әлсіздерін бордақылап, ауруларын емдемедіңдер, мертіккендерін таңып, қуылып бытырағандарын қайтармадыңдар, жоғалып кеткендерін іздеген де жоқсыңдар. Керісінше, оларға аяусыз, қаталдықпен үстемдік еттіңдер. Қамқорлайтын бағушылары болмағандықтан, Менің қойларым жан-жаққа шашылып, көбі жыртқыш аңдарға жем болды. Осылай отарым күллі тау-төбелер мен биік қырларда бытырап босып кетті. Иә, Өзімнің отарым бүкіл жер бетіне шашырап кетті! Ал оларды іздеп табуға тырысқан ешкім болған жоқ. Сендер әлсіздердің барлығын бүйірлеріңмен, иықтарыңмен итергіштеп, мүйіздеріңмен сүзгіледіңдер. Содан оларды отардан сырт бытыратып, қуып жібердіңдер. Бұл екі аудан әміршінің Исраилдегі меншікті жері болады. Осылайша Менің тағайындаған әміршілерім енді қайтып халқымды қанамайтын болады. Олар елдің қалған жерін Исраил халқына рулары бойынша үлестіріп табыстасын». Жаратушы Тәңір Ие мынаны да айтады: «Жетер енді, уа, Исраилдің әміршілері! Зорлық-зомбылық жасауды доғарып, әділ де дұрыс істер істеңдер! Менің халқымды тонап, (өздерінің мұралық жерлерінен) қууларыңды қойыңдар!» — Жаратушы Тәңір Ие осыны бұйырады. Зұлымдықты жоспарлап, төсек орындарында сұмдық істерді ойластырып жататындар қасіретке қалады! Таң ата олар соларын жүзеге асырады, өйткені бұған олардың құдіреті жетеді. Сондайлар басқаның егістіктеріне сұқтанып, тартып алады, үйлеріне сұқтанып, оларды да иемденіп алады. Олар адамды үй-жайынан, тіпті мұралық жерінен айырады.
Выбор основного перевода