Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Елуінші жылды Құдайға ерекше бағышталған деп қастерлеңдер! Сонда елдің барлық тұрғындарына бостандық жариялаңдар! Бұл жыл — сендерге арналған Мереке жылы. Әрқайсыларың өз руларыңа, ата-бабаларыңнан қалған мұралық жерлеріңе қайтып келіп, оны иемденіңдер. Елуінші жыл сендерге арналған Мереке жылы болады. Сендер екпеңдер де, өздігінен өсіп шыққан өнімді қоймаларыңа жинамаңдар да, сабақтары кесілмеген жүзімдіктеріңнің жүзім шоқтарын да жинамаңдар. Себебі бұл — Мереке жылы, сендер оны Жаратқан Иеге ерекше бағышталған деп қастерлеңдер. Тек егістіктен өздігінен өсіп шыққан өніммен ғана тамақтаныңдар. Осындай Мереке жылында әрқайсыларың, ата-бабаларыңнан қалған мұралық жерлеріңе қайтып келіп оны иемденіңдер. Егер жеріңді бір ұлттасыңа сататын немесе одан сатып алатын болсаң, қулық-сұмдық жасаушы болма. Жерді сатып алғанда оның құнын соңғы Мереке жылынан бері өткен жылдардың санына сай белгілеңдер. Сатушы келесі Мереке жылына дейін қалған өнім жинайтын жылдардың санына сәйкес бағасын анықтасын. Егер келесі Мереке жылына дейін әлі көп жыл қалған болса, жердің бағасы қымбаттау болсын, ал егер азғана жыл қалған болса, бағасы арзандау болсын. Себебі сатылып жатқан — жердің өзі емес, тек одан белгілі жылдар бойы жиналатын өнім ғана. Келесі Мереке жылы келгенде егістік оны сатып жіберген бастапқы иесіне қайтарылады. «Әміршіге арнап тағы да екі аудан белгіленсін. Солардың біріншісі қасиетті ауданның және қаланың меншікті жерінің батыс жағымен шекаралас болсын. Екіншісі солардың шығыс жағымен шекаралас болсын. Әміршінің екі ауданының арғы шекаралары Исраил руларының жерінің батыс және шығыс шекараларының жалғасы болады.
Выбор основного перевода