Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жыл сайынғы бірінші айдың он төртінші күні — Жаратқан Иеге бағышталған Құтқарылу мейрамы. Бұл күні Оған арнап құрбандық шалынады. Ал әміршінің міндетіне — мейрамдардың, әр айдың алғашқы күнінің және демалыс күндері кезінде, яғни Исраил халқының барлық белгіленген мейрамдары кезінде, шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтарды және астық-сұйық тартуларын қамтамасыз ету жатады. Ол өзі Исраил халқының күнәларының кешірілуі үшін күнәнің құнын өтейтін, астық-сұйық тартуларын және Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін тартуларды ұсынады». Қошқарға қоса ұсынылатын астық тартуы бір пұт бидай ұны, ал тоқтыларға қоса берілетін астық тартуы әміршінің өз еркіне қарай болсын. Әмірші әр пұт ұнға тоғыз қадақтан зәйтүн майын қоса ұсынуы керек. Әмірші жас бұқаға және қошқарға қоса бір пұттан бидай ұнын тарту етсін. Ал тоқтыларға қоса ол астық тартуын өз еркіне қарай барынша берсін. Оның әр пұт ұнға тоғыз қадақтан зәйтүн майын қоса беруі де қажет.
Выбор основного перевода