Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Ені бес мың, ұзындығы жиырма бес мың шынтақ болатын қалған жер үлесі қаланың әдеттегі мұқтаждықтарына: үй салуға және мал жайылымына арналады. Қала сол жер үлесінің ортасында болмақ. Қаланың өлшемдері мынадай болады: солтүстік, оңтүстік, шығыс және батыс жақтары төрт мың бес жүз шынтақтан. Қалаға арналып солтүстік, оңтүстік, шығыс және батыс жақтардан екі жүз елу шынтақ мөлшерінде жайылым жер бөлініп беріледі. Осы жер үлесінің қасиетті ауданмен шекараласып, онымен ұзындығы бірдей болатын қалған бөлігі шығыс пен батыс жақтардан он мың шынтақ жер көлемін алып жатпақ. Осы егістік жердің өнімі қаланың жұмысшыларын тамақпен қамтамасыз ететін болады. Қалада жұмыс істеуге Исраилдің барлық руларынан шыққандар келіп, оған егін егетін болады. Сонымен осы бүкіл жер үлесі тік төрт бұрышты болады. Әр жағының ұзындығы жиырма бес мың шынтақты құрайды. Ол қаланың өзінің үлестік жерімен қоса, қасиетті ауданды да қамтымақ. Сол жер үлесін Жаратқан Иеге бағыштап бөлек қойыңдар».
Выбор основного перевода