Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
және Ливаннан Мисрепот-Майымға дейінгі таулы аймақтың күллі тұрғындары әрі барлық сидондықтар мекендеген жер де әлі иемделінген жоқ. Мен Өзім бұларды Исраилдің үрім-бұтағының алдынан қуып шығамын. Менің өзіңе бұйырғаныма сай, сен міндетті түрде осы елді исраилдіктерге мұралық меншікке үлестіріп бер. Жаратқан Ие Мұса арқылы бұйырғандай, тоғыз руға және тағы бір рудың жартысына мұралық жерлері жеребе тасталып белгіленді. Сендер осы аталған шекаралардың ішіндегі жерді Исраилдің рулары бойынша өзара бөлісіп алыңдар! Бұл жерді сендер араларыңда қоныстанып, ұрпақ сүйген жат жұрттықтармен бірге мұралық меншік етіп бөлісіп алуларың керек. Мұндай жат жұрттықтарға жергілікті исраилдіктер ретінде қараңдар! Өздеріңмен бірге оларға да Исраил руларының арасынан бірдей үлес тиюге тиіс. «Яһуданың жерімен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан аймақты ерекше мақсатқа арнап бөлек қойыңдар. Оның ені жиырма бес мың шынтақ болып, шығыстан батысқа дейінгі ұзындығы рулардың үлестеріне тиген жердің ұзындығымен тең болсын. Осы арнайы аймақтың ортасында киелі орын орналасады. Сендер Жаратқан Иеге бағыштауға тиісті қасиетті ауданның ұзындығы жиырма бес мың, ені жиырма мың шынтақ болады. Бұл ауданның бір бөлігі діни қызметкерлерге арналған қасиетті жер үлесі болады. Соның солтүстік және оңтүстік жақтарындағы ұзындығы жиырма бес мың шынтақтан, батыс және шығыс жақтарындағы ені он мың шынтақтан болады. Қасиетті жер үлесінің ортасында Жаратқан Иенің киелі орны орналасады. Сендер елден Исраил руларына үлестіретін мұралық жерлер осылар». — Жаратушы Тәңір Ие осыны нық айтады.
Выбор основного перевода