Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ұзындық, салмақ, көлем өлшегенде әділетсіздік жасамаңдар! Барлық таразыларың, кір тастарың және көлем өлшейтін ыдыстарың дұрыс болу керек. Мен сендерді Мысырдан алып шыққан Құдайларың Жаратқан Иемін. Қалтаңда бірдей мөлшерде болғанмен біреуі жеңілірек, басқасы ауырырақ екі түрлі кір тастары болмасын! Үйіңде бірдей мөлшерде болғанмен біреуі үлкенірек, басқасы кішірек екі түрлі өлшейтін ыдыс та болмасын! Кір тастарың да, өлшейтін ыдыстарың да дәл әрі дұрыс болуға тиіс. Сонда Құдай Иелерің сендерге табыстап отырған елінде ұзақ өмір сүретін боласыңдар. Жалған таразы Жаратқанға жиренішті,Адал таразы Оған ұнамдысы. Ефрем: «Мен байыдым, барлығын да өзім таптым! Істегенімнің бәрінен ешкім күнә дейтіндей бірде-бір бұрыс іс таба алмайды!» — деп мақтанып жүр. Сендер іштей былай дейсіңдер: «Айдың алғашқы күні қашан өтер екен? Сонда бидай сатамыз. Демалыс күні қашан бітер екен? Сонда астықты базарға шығарамыз! Бидай өлшеп салатын ыдысымызды кішірек, күміс өлшейтін кір тастарымызды ауырырақ қылып, таразыдан да жейміз.
Выбор основного перевода