Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жеті күн бойы Жаратқан Иеге құрбандық-тартулар әкеліп, өртеп ұсыныңдар. Ал жетінші күні Жаратқан Иеге бағышталған жиналыс өткізіңдер. Еңбектеніп жұмыс жасамаңдар! Жыл сайынғы бірінші айдың он төртінші күні — Жаратқан Иеге бағышталған Құтқарылу мейрамы. Бұл күні Оған арнап құрбандық шалынады. Сол айдың он бесінші күні жеті күндік мейрам басталады. Осы жеті күн бойы ашымаған нан желінуі керек. Мейрамның алғашқы күні Жаратқан Иеге бағышталған жиналыс өткізіңдер. Сол күні еңбектеніп жұмыс істемеңдер. Жаратқан Иеге түгелдей өртелетін құрбандық ретінде екі жас бұқа, бір қошқар, бір жылдық жеті еркек тоқты әкеліңдер. Олардың барлығы да мінсіз болсын. Осы құрбандықтарға тиісті астық тартуын: зәйтүн майымен араластырылған бидай ұнынан әрбір бұқа үшін — пұттың оннан үш бөлігі, қошқар үшін — пұттың оннан екі бөлігі және жеті еркек тоқтының әрқайсысы үшін — пұттың оннан бір бөлігі мөлшеріндегі таңдаулы бидай ұнын зәйтүн майымен араластырып, ұсыну керек. Ал өздеріңнің жасаған күнәларыңның арамдығынан тазаруларың үшін тағы бір текені күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа шалыңдар. Бұларды күн сайын түгелдей өртелетін таңертеңгі құрбандыққа қоса ұсынуларың керек. Осылайша сендер мейрамның жеті күнінің әрбіреуінде тамақ іспетті тартуды өртеу арқылы ұсыныңдар. Олардың хош иісі Маған, Жаратқан Иеге, ұнамды. Оларды күн сайын түгелдей өртелетін құрбандықтар мен сұйық тартуларға қоса ұсыныңдар. Ал жетінші күні Жаратқан Иеге бағышталған жиналыс өткізіңдер. Сол күні еңбектеніп, жұмыс істемеңдер. Сондықтан жеті жас бұқа мен жеті қошқарды қызметшім Әйүпке алып барып, оларды өздерің үшін түгелдей өртелетін құрбандыққа шалыңдар. Қызметшім Әйүп сендер үшін сиынады. Сонда Мен оның мінажатын қабылдаймын, әрі сендерге надан сөздеріңе бола тиісті жазаларыңды тартқызбаймын. Өйткені сендер Өзім туралы қызметшім Әйүп сияқты дұрыс сөйлеген жоқсыңдар».
Выбор основного перевода