Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Елді руларға мұралық меншік етіп үлестіргендеріңде, ұзындығы жиырма бес мың, ені жиырма мың шынтақ болатын жер көлемін Жаратқан Иеге ерекше бағышталған қасиетті аудан ретінде бөліп, ұсыныңдар! Сол аудан түгелдей қасиетті болады. Бұл ауданның бір бөлігі діни қызметкерлерге арналған қасиетті жер үлесі болады. Соның солтүстік және оңтүстік жақтарындағы ұзындығы жиырма бес мың шынтақтан, батыс және шығыс жақтарындағы ені он мың шынтақтан болады. Қасиетті жер үлесінің ортасында Жаратқан Иенің киелі орны орналасады. Бұл қасиетті жер үлесі Жаратқан Иеге бағышталған діни қызметкерлер — Садықтың ұрпақтарына арналады. Олар Маған қызмет етуде адал болды. Исраил халқы Менен адасып кеткенде олар өзге леуіліктер сияқты халықпен бірге Өзімнен безіп кеткен жоқ.
Выбор основного перевода