Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондай-ақ, ол киелі үйдің екі жағы мен арт жағын жанамалап, (үш қабатты етіп) қосалқы бөлмелер салды. Төменгі қабаттың ені бес, ортаңғы қабаттың ені алты, жоғарғы қабаттың ені жеті шынтақ болды. Осы бөлмелер ғимаратқа арқалық бөренесіз сүйеніп тұра алулары үшін ғимараттың қабырғалары әр қабат сайын кертпештеніп салынды. Қосалқы бөлмелердің төменгі қабатына кіретін жер ғимараттың оңтүстік жағында болды. Сол жерде бірінші қабаттан баспалдақпен ортаңғы, одан жоғарғы қабаттарға да көтерілуге болатын. Мұнан кейін хабаршы мені қақпа ғимаратынан алып шығып, ғибадатхананың сыртқы ауласына апарды. Бүкіл ауланы айналдыра тас төселген жол жатты. Сол жолдың бойында отыз бөлме салынған екен.
Выбор основного перевода