Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Шымылдық ілінген соң оның ішкі жағына Келісім сандығы кіргізіліп қойылсын. Осылай шымылдық сендер үшін қасиетті бөлмені ең қасиетті бөлмеден ажыратып бөліп тұратын болады. былай деді:— Ағаң Һаронға мынаны ескерт: Һаронның шымылдықтың арт жағындағы ең қасиетті бөлменің ішіне және онда орналасқан Келісім сандығының үстіндегі қақпақтың алдына өзі қалаған кезінде келуіне болмайды. Әйтпесе ол өледі. Өйткені күнәнің арамдығынан тазару рәсімі орындалатын сол қақпақтың үстіндегі бұлт ішінде Мен боламын. Киелі орын деп аталатын ең қасиетті бөлме ғимараттың төр жағынан салынды. Бұл бөлме еденнен төбеге дейін жетіп жатқан самырсын тақтайларымен бөлініп тасталды. Осы ішкі бөлменің ұзындығы, ені, биіктігі жиырма шынтақтан болды. Сүлеймен оны саф алтынмен қаптады. Ол самырсыннан жасалған түтету үстелін де алтынмен қаптады. Сүлеймен киелі үйдің ең қасиетті бөлмесін де салғызды. Соның ұзындығы мен ені, киелі үйдің жалпы еніндей, жиырма шынтақтан болды. Патша бөлменің ішін салмағы алты жүз ат басындай саф алтынмен қаптатты. Ал енді, ғибадатханаға қатысты тағылым мынау: Сион тауының басындағы ғибадатханаға жапсарлас жатқан жердің бәрі Өзіме ерекше бағышталған, ең қасиетті болып саналады. Ғибадатхана жайлы заң, міне, осындай.
Выбор основного перевода