Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сүлеймен ғимараттың қабырғаларында сыртқа қараған жағы тарлау, ішке қараған жағы кеңдеу етіп ойылып жасалған терезелерді орнатты. Патша ғибадатхананың ішкі қабырғаларын еденнен төбесіне дейін самырсын тақтайларымен қаптап, еденді қарағай тақтайларынан жасады. Ғимараттың күзетші бөлмелері мен шығыңқы қабырғаларды айналдыра қақпақты терезелер жасалған еді. Терезелер ішке қарай кеңейе түседі екен. Шығыңқы қабырғалар құрма ағашының бейнелерімен бедерленіпті. Содан соң әлгі хабаршы киелі үйдің артындағы аулаға қарайтын ғимараттың ұзындығын өлшеді, ол жүз шынтақ болды. Сол ғимараттың екі жағынан қосалқы бөлмелер шығып тұрды.Киелі үйдің қасиетті бөлмесі, ең қасиетті бөлмесі және аулаға қарап тұрған бағаналы кіреберісі Қабырғалардағы сияқты, қасиетті бөлменің есіктеріне де күзетші періштелер мен құрма ағаштарының бедерлері ойылып салынған болатын.Бағаналы кіреберістің сыртына асылып шығып тұрған шағын төбе салыныпты. Бағаналы кіреберістің екі жағындағы қабырғаларда ойылып салынған құрма ағаштарының бедерлері және тор көздері бар терезелер болды. Киелі үйдің қосалқы бөлмелерінде де ағаш төбелер бар еді. Жаңағы ғимараттың бір қатарындағы бөлмелер ішкі ауланың ені жиырма шынтақ болатын ашық алаңқайына, ал екінші қатардағы бөлмелер сыртқы ауладағы тас төселген жолға қарап тұрды. Бұл екі қатардың әрқайсысында үш қабаты бір-біріне бетпе-бет орналасқан бөлмелер кешені болды. Бұл ғимараттың жоғарғы қабаттардағы бөлмелерінің ені олардан төменгі бөлмелердікінен гөрі тарлау еді. Өйткені жоғарғы қабаттардағы бөлмелердің алдындағы жол үшін орын қалдыру қажет болды.
Выбор основного перевода