Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан соң хабаршы шығыс жаққа қарап тұрған қақпа ғимаратына барып, баспалдағымен жоғары көтерілді. Ол ғимараттың табалдырығын өлшегенде, оның ұзындығы бір өлшеуіш таяққа тең болып шықты. Қабырғалардағы сияқты, қасиетті бөлменің есіктеріне де күзетші періштелер мен құрма ағаштарының бедерлері ойылып салынған болатын.Бағаналы кіреберістің сыртына асылып шығып тұрған шағын төбе салыныпты. Содан соң әлгі хабаршы мені ішкі ауладан Солтүстік қақпа арқылы сыртқы аулаға бастап алып шықты. Сонда мені бірнеше бөлмелерге алып барды. Олар бөлектенген ішкі ауланың солтүстіктегі қабырғасына көлденең тұрды. Киелі үйдің оңтүстік жағындағы сыртқы ауланың қоршау қабырғасын бойлай, яғни ішкі және сыртқы аулалардың арасында, тағы сондай бөлмелер кешені орналасыпты. Содан соң хабаршы маған тіл қатып былай деді: «Ішкі аулаға қарап тұрған оңтүстік және солтүстік жақтағы осы бөлмелер діни қызметкерлерге арналған. Сол бөлмелерде Жаратқан Иенің алдына қызмет етуге баратын діни қызметкерлер Оған ерекше бағышталған ең қасиетті құрбандықтар мен сый-тартулардан тамақтанады. Сол бөлмелерде ең қасиетті тартулар — астық тартулары, күнәнің құнын және айыпты өтейтін тартулар сақталады. Себебі бұл бөлмелер — Жаратқан Иеге ерекше бағышталған қасиетті орын.
Выбор основного перевода