Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан соң хабаршы киелі үйдің сыртын өлшеді. Соның ұзындығы жүз шынтақ, алдындағы ауланың және қабырғаларымен бірге өлшенген ғимараттың жалпы ұзындығы жүз шынтақ болып шықты. Киелі үйдің алдындағы алаңқайды қосқанда оның шығыс жағындағы ауланың ені жүз шынтақты құрады. Содан соң әлгі хабаршы киелі үйдің артындағы аулаға қарайтын ғимараттың ұзындығын өлшеді, ол жүз шынтақ болды. Сол ғимараттың екі жағынан қосалқы бөлмелер шығып тұрды.Киелі үйдің қасиетті бөлмесі, ең қасиетті бөлмесі және аулаға қарап тұрған бағаналы кіреберісі Содан соң әлгі хабаршы мені ішкі ауладан Солтүстік қақпа арқылы сыртқы аулаға бастап алып шықты. Сонда мені бірнеше бөлмелерге алып барды. Олар бөлектенген ішкі ауланың солтүстіктегі қабырғасына көлденең тұрды.
Выбор основного перевода