Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Хабаршы қақпаның бағаналы кіреберісінің өзін де өлшеді: ол сегіз шынтақ, ал екі бағанасының қалыңдығы екі шынтақ құрады. Қақпаның бағаналы кіреберісі ішкі жаққа, яғни киелі үйге, қарап тұрды. Ғимараттың күзетші бөлмелері мен шығыңқы қабырғаларды айналдыра қақпақты терезелер жасалған еді. Терезелер ішке қарай кеңейе түседі екен. Шығыңқы қабырғалар құрма ағашының бейнелерімен бедерленіпті. Хабаршы мені киелі үйдің бағаналы кіреберісіне алып келді де, бағаналы кіреберістің екі жағындағы қабырғаларын өлшеді. Олардың ені бес шынтақтан, кіреберістің өз ені он төрт шынтақ және оның екі жағындағы шығыңқы қабырғалардың қалыңдығы үш шынтақтан болып шықты. ағаш тақтайлармен қапталған еді. Осы үшеуінің айналасындағы табалдырықтар, терезелер және қосалқы бөлмелер де табалдырықтан бастап жоғарыға қарай терезелерге дейін ағаш тақтайлармен қапталған екен. Терезелердің алдында кереге көз іспетті торлар орналасыпты.
Выбор основного перевода