Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Хош иісті заттарды өртеп түтету үшін аққараған ағашынан арнайы үстел жасат. Ол төрт бұрышты, ұзындығы мен ені бір, биіктігі екі шынтақтан болсын, әрі (төрт бұрышының үстіңгі жағынан) мүйіз сияқты шығып тұрған шошақтарымен біртұтас жасалсын. Мен Мысырға от қойып, оны қолдаушылардың барлығы күйрегенде, бұл туралы естігендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады. Сүлеймен, сондай-ақ, Жаратқан Иенің киелі үйіне арналған барлық жиһаздарды жасатты: хош иісті заттар түтетілетін, алтын қапталған үстел, Жаратқан Иенің алдына ұсынылатын нанға арналған алтын қапталған үстел, Тек солар ғана Менің киелі үйіме кіріп, үстеліме жақындап, алдымда қызмет атқарсын. Олар Мен тапсырған қорғауды және өзге де міндеттерін орындай берсін! Қолында хош иісті заттарды түтетуге арналған алтын табасы бар өзге бір періште келіп, түтету үстелінің жанына тұрды. Оған молынан хош иісті заттар берілді. Ол соларды Құдайдың бүкіл халқының айтқан мінажаттарымен бірге тақтың алдындағы алтын жалатқан түтету үстеліне Тәңір Иеге бағыштап қоюға тиіс еді.
Выбор основного перевода