Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Рақым ете гөр, уа, Жаратқан Ие,Мейіріміңді түсіре гөр біздерге,Тойындық жұрттың бізді жек көргеніне, Жанымыз тойды менменнің қорлауына,Паңдардың бізді балағаттауына. Елам да сонда жатыр, қалың қолы да оның қабірінің айналасында. Барлығы да семсерден қырылып мерт болғандар, о дүниеге сүндеттелмеген күйі аттанғандар. Олар тірі кездерінде басқаларға үрей себетін еді, ал енді басқа әділетсіздермен бірге масқараланып, көрге түсті. «Пендем, Исраилдің «отарын бағушы» жетекшілеріне қарсы Менің хабарымды жеткізіп былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ей, өздерін ғана бағатын Исраилдің бақташылары, сендер қасіретке қаласыңдар! Қойды баққан отарын қамқорлауға міндетті емес пе? Сонда Жаратқан Ие Өзінің елін жан сала қорғап, өз халқын аяйтын болады.
Выбор основного перевода