Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Халқың ежелде қираған мекендеріңді қайтадан салып, баяғы ұрпақтардан қалған негіздердің үстінен қалаларыңды қайта орнатады. Жұрт сендерді «Қираған қамалдарды қалпына келтіріп, жолдар мен үйлерді қайта салушылар» деп атайтын болады». Мен өздеріңдегі адамдарды, бүкіл Исраил халқын, көбейтемін. Қалаларға тұрғындар қоныстанып, қаңыраған жерлерге қайтадан үйлер салынбақ. Мен сендерге таза су бүркіп сепкендей, өздеріңді арамдаған бүкіл былғаныштарыңнан тазартамын. Сендерді барлық арамдықтарыңнан әрі табынып келген тәңірсымақтарыңның бәрінен арылтамын. Әлемнің Иесі Өзі жауабын беріп мынаны уәде етеді: — Біліп алыңдар, Мен өз халқымды күншығыстан батысқа дейінгі бүкіл елдерден құтқарып аламын! Оларды Иерусалимде тұруға бастап әкелемін. Олар Менің халқым, Мен олардың Құдайы болып адалдық пен әділдік танытамын».
Выбор основного перевода