Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ассурлық жаулар арыстандай ақырып, оған қарсы дауыс көтерді. Олар оның жерін қаңыратып бос қалдырды. Қалалары өртеліп қирап, елсіз қалды. Сондықтан оның жері қиратылып, басқа халықтар оны ысқырып, келекелейді. Сол жермен өткен-кеткендердің бәрі аңтарыла жандары түршігіп, бастарын шайқайтын болады. — Бабыл патшасы Набуходоносор мені жалмап, тұрғындарымды шашыратып, өзімді бос ыдыстай тастай салды. Ол мені айдаһардай жұтып, қарнын байлықтарыммен толтырды, содан кейін мені құсып тастады. Өткен-кеткеннің бәрі қол шапалақтауда,«Мінсіз әсем, бар жердің қуанышы деген қалаОсы ма?» — деп ысқыра бастарын шайқауда. Күллі жауың саған арандарын ашуда,Ысқыра тіс қайрап: «Оны жалмап тындық та!Көп күткен күнді, міне, көрдік!» — деп мақтануда. Оның үстіне Менің көз алдымда мақтанып, еш шімірікпестен Маған қарсы сөздеріңді көбейттің. Мен соларыңды да естідім!»
Выбор основного перевода